АҚШ астанасы орналасқан Колумбия федералдық округінде жергілікті билік өкілдері дүйсенбі жұмыс істемейді. Бұл жағдай сол жерге жақын Вирджиния мен Мэрилендте де орын алды.
Вашингтонда және оған жақын маңда жұма-сенбі күндері боран соғып, қар биіктігі бір метрге дейін жетті. Жексенбіде қалада күн ашық болып, қар тазалауға мүмкіндік туды. Америкада температура әлі де минусты көрсетуде. Бүгін күндіз нөл градусқа жылынады.