АҚШ үкіметі Green card алу талаптарын күшейтті

Фото: None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Трамптың әкімшілігі дүйсенбі күні АҚШ аумағына заңды түрде енетін иммигранттардың санын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін ереже шығарды. Бұл грин карта мен виза алу өтініштерін қабылдаудан бас тартуды жеңілдетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CCN-ге сілтеме жасап.

Ережеге сәйкес, үкімет табысы төмен жәнебілімі аз азаматтарға, жәрдемақы алған, Medicaid медициналық сақтандыруынпайдаланған, азық-түлік талондарын және тұрғын үйді жеңілдікпен сатып алғанадамдарға виза мен грин карта беруден бас тартуы мүмкін. Үкімет бұл тұлғаларкелешекте мемлекеттік қолдауға зәру болуы мүмкін деп болжайды. АҚШ Ішкіқауіпсіздік министрлігіне қарасты Азаматтық және көші-қон қызметі директорыныңміндетін орындаушы Кен Кучинеллидің Ақ үйде өткен брифингте айтқан сөзіненбелгілі болғандай, бұл АҚШ-қа көшіп, тұруға ықылас білдіргендердің барлығына экономикалықтұрғыдан өз өзін қамтамасыз етуге және дербестікке қол жеткізуге түрткі болады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңаереже иммиграция мәселесін шешуге талпынып жүрген шамамен 382 000 адамғақатысты болмақ.

Ереже 36 айда 12 айдың көлемінде әлеуметтікқамсыздандыру бойынша бір немесе бірнеше жәрдемақы алған иммигранттарғақолданылмақ. Әр жәрдемақы жеке есептеледі. Айына берілетін екі жәрдемақы екіайдың ішінде алынған жәрдемақы болып саналады. Жаңа ереже 15 қазанда күшінеенеді.


Соңғы жаңалықтар