АҚШ Үкіметі Иран Президенті Ахмадинежадпен өзара іс-қимылға әзір - Ақ үй

АСТАНА.  Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат   -  АҚШ Үкіметі   Иранда өткен  кезекті президенттік сайлауда     жеңген және өткен  сәрсенбі күні ант  қабылдаған Махмұд  Ахмадинежадпен    өзара  іс-қимылға әзір.   Бұл жайтты     АҚШ Президентінің    ұлттық қауіпсіздік  жөніндегі    көмекшісі Джеймс Джонс жексенбі күні   «Фокс»  және  Эн-Би-Си  телекомпанияларына   берген сұхбатында     қуаттады,

деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ахмадинежад - «өкілетті  тұлға  және  біз онымен    жұмыс істеуіміз  керек»,  деп  мәлім етті американ басшысының көмекшісі.   Дегенмен,   «Иранда өткен  сайлауға   қатысы бар   үлкен оқиғалардың  болып  жатқаны  американ үкіметіне аян».   «Сайлаудың өтуі  Иран халқы  үшін    маңызды.    Сайлаудың  заңды  өткен-өтпегенін     халық  қана  анықтауы керек»,  деді Джонс  өз   сөзінде.

АҚШ  Үкіметі  өз  кезегінде «ол қандай болмасын,  орталық билікпен   ғана  жұмыс істейтінін»  атап   көрсеткен  Джонс,   «орталық билікке   бұрынғы   тұлғалар кіретін болса,   олармен де бірлесіп іс-әрекет ететін боламыз»,  деді  Ақ үйдің  жоғары лауазымды  өкілі.