АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынды

АСТАНА.KAZINFORM – Украина, АҚШ және Ресей арасындағы осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу АҚШ әкімшілігінің бастамасымен кейінге қалдырылды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Фото: prousa.info/ white_house

Зеленскийдің айтуынша, Ақ үй Иранмен қарулы қақтығысқа байланысты бейбітшілік келіссөздерін кейінге қалдыруды ұсынған. 

– Осы аптаға жоспарланған үшжақты кездесу Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты АҚШ-тың ұсынысы бойынша кейінге қалдырылды, - деді Зеленский.

Фото: Anadolu Ajansi

Бұған дейін, 2026 жылдың 25 ақпанында Мәскеу, Киев және Вашингтон қатысатын Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша үшжақты кездесу наурыз айының басына дейін кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина бойынша алдыңғы үшжақты келіссөздер Женевада өткенін хабарлағанбыз.