Байден әкімшілігінің бұл шешімі 2021 жылдың тамызынан бастап Украина үшін АҚШ Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ қорын бөлу бойынша он жетінші көмегі. Осы пакетке Украина тарапының өзін-өзі қорғауға арналған оқ-дәрілер, атап айтқанда155 мм артиллериялық 75 мың снаряд және жоғары мобильді артиллериялық жүйелер үшін қосымша зымырандар (HIMARS) кіреді.
Жалпы алғанда Байден әкімшілігі Украинаға 8,8 миллиард долларға жуық қауіпсіздік көмегін берді. 2014 жылдан бастап Вашингтон Киевке қауіпсіздік саласында көмектесу үшін 10 миллиард доллардан астам қаражат бөлді.
Фото: cursorinfo.co.il