Оның айтуынша, бұл шешім күйеуінің сирек кездесетін сүйек қатерлі ісігіне шалдығуына байланысты қабылданған.
– Қазіргі уақытта мен күйеуімнің жанында болып, осы сынақта оған барынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік қызметтен уақытша кетуге мәжбүрмін, – деп жазды Габбард X әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ ол АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан көрсетілген сенім үшін алғыс білдірген.
– Соңғы бір жарым жыл ішінде Ұлттық барлау директоры қызметіне ие болғаныма ризамын, – деді ол.
Габбард өз мәлімдемесінде Ұлттық барлау басқармасында «айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізгенін» атап өтті.
– Біз бұрын-соңды болмаған ашықтықты қамтамасыз етіп, барлау қауымдастығына деген сенімді қалпына келтірдік, – деді ол.
Сонымен қатар ол алдағы апталарда билік ауысу процесін мұқият ұйымдастыруға күш салатынын айтты.
Өз кезегінде Дональд Трамп Габбардтың орынбасары Аарон Лукас уақытша директор қызметін атқаратынын мәлімдеді.
– Тулси тамаша жұмыс атқарды, біз оны сағынамыз. Оның күйеуі Абрахамнан жақында сирек кездесетін сүйек қатерлі ісігі анықталды. Сондықтан оның жанында болғысы келетіні түсінікті, – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Айта кетейік, АҚШ-тың Словениядағы елшісі лауазымына алғаш рет қазақ қызы тағайындалды.