АҚШ, Ұлыбритания және Франция Иранды айыптады
21:28, 25 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Франция Ирандағы жасырын салынған уранды байыту бойынша екінші зауыт туралы хабарламаға алаңдаушылық танытты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Үш елдің басшылары Барак Обама, Гордон Браун және Николя Саркози бірлескен шұғыл баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, Иранның барынша қауіпті іс-қимылы туралы мәлімдеді.