АҚШ үндіс тайпаларына миллиард доллар өтемақы төлемек

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ Үкіметі үндіс тайпаларына олардың жерлерінде өндірілетін табиғат қорларын пайдаланғаны үшін өтемақы ретінде 1 млрд. доллар төлемекші, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Колорадо, Юта және Нью-Мексико штаттарының аумақтарында тұратын 41 тайпаның өкілдері ұжымдық талап-шағым берді. Үндістер американдық үкіметтен мұнай, газ және ағаш өндіргендері және олардың аумағында мал жайғаны үшін берешек болған ақшаларын талап етті.

АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер өтемақыны төлеу тайпалар тұратын жерлердегі табиғи қорларды басқарудан туындаған тарихи жанжалды шешеді деп мәлім етті. Үндістердің өкілі Гэри Хэйс төлемдер тайпалар көп жылдардан бері мұқтаж болып отырған қаржы жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, алынған қаражаттар денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ.

Бұдан бұрын осындай ұжымдық талап-шағым 2010 жылы беріліп, ол кезде басқа үндіс тайпалары 3,4 миллиард доллар өтемақы талап еткен болатын.