АҚШ университетінің профессоры Л. Лессигтің «Еркін мәдениет» кітабы қазақ тіліне аударылды

АСТАНА.  14 қыркүйек. ҚазАқпарат -  17 қыркүйекте Алматыда «Интернет желісінде қазақ тілді мазмұнды дамыту және насихаттау» атты тақырыпта семинар-тренинг өтеді.

Семинар аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қамқорлығымен жүзе асырылып жатқан «WikiBilim» қоғамдық қорының бірқатар жобалары таныстырылмақ.

Атап айтсақ, Лоуренс Лессигтің «Еркін мәдениет» («Free Culture», «Свободная культура») атты кітабының қазақша басылымының таныстырылы өтетіні жоспарланып отыр. Кітап интернеттегі авторлық құқық мәселелерін қайта қарауға арналған. Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстанның ашық кітапханасының» (www.iKitap.kz) және кітапхана аясында жұмыс істейтін онлайн «Қазақ тілінің әмбебап сөздігінің» тұсаукесері болады.

Семинар жұмысына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, халықаралық және қазақстандық интернет жобалардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысады.

Семинар бағдарламасында онлайн журналистика негіздерімен танысқысы келетіндерге білім беру тренингтері қарастырылған.