USAID берген мәліметке сай, Ресейдің 2022 жылдың ақпан айындағы Украинаға алғашқы соққысынан бастап, Украин халқына 2,6 млрд доллар болатын гуманитарлық көмек жөнелтілсе, 5 млрд доллар дамуына, 30 млрд доллар тікелей бюджетін қолдау мақсатында жұмсалған.
Бұл қаражат қоныс аударушыларға сондай-ақ маңызды қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына төленген.
2024 жылы USAID Украинаның атыстан кейін бүлінген инфраструктурасын қалпына келтіруге және мемлекеттік қызметке қолдау көрсету мақсатында 522 млн доллар берген.
USAID агенттігінің сайтында АҚШ қаржыландырған украиндық ондаған жоба бар. Онда медицинадан бастап білім сондай-ақ энергетика, БАҚ-қа қолдау көрсетілгені айтылады.
USAID-тің көмегін енді өзге елдер алмастыруы мүмкін. Мәселен, JICA жапондық халықаралық әріптестік агенттігі Украинаның энергетика мен инфраструктурасын қаржыландыру жөнінде мүмкіндіктерді қарастырып жатқаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қайта жанданғанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.