Брифинг барысында «Хабар 24» арнасының тілшісі АҚШ Мемлекеттік хатшысына «коронавирус індетінен кейін америкалық виза алу ережесі өзгере ме?» деп сауал қойған еді. Айта кетерлігі, қазірдің өзінде Еуропа елдері шенген визасына өтінім берушілерден коронавирусқа тест тапсырғандығы туралы анықтама талап ету мәселесін талқылап жатыр. Майкл Помпео да індеттен кейін АҚШ елге келу ережесіне қайта қарауы мүмкін екендігін айтты.
«Шекара ашылып, қалыпты өмір арнасына түскеннен кейін барлық мемлекеттер өз азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін келу және кетудің қолданыстағы шарттарын қайта қарауға тура келеді», - деді ол.