Бұл туралы баспасөз мәслихатында АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келли мәлім етті.
«Визаларға өтінімдерді өңдеу барысында әлеуметтік желілерді тексеру іске асырылады», - деп келтірді министрдің сөзін «РИА Новости» агенттігі.
Айта кетейік, Трамп 27 қаңтар күні грин-карталарды иеленушілерге - Иран, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан азаматтарына АҚШ аумағына тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Онымен қоса, 120 күн мерзімге сириялық босқындарды қабылдау тоқтатылды. Қол қойылған құжатта атап өтілгендей, сириялық мигранттардың келуі АҚШ мүдделеріне залал келтіруде.
АҚШ президенті өз шешіміне қатысты пікір білдіре келе, бұл шара мұсылмандарға қарсы емес, лаңкестерге қарсы бағытталғандығын түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, барлық елдер азаматтарына визаларды беру 90 күн ішінде қауіпсіздік саясатында қосымша шаралар қабылданған сәтте қайта жандандырылатын болады.
Дүйсенбі күні талаптар Америкаға кіруге виза сұрайтын тағы бірқатар елдер үшін де өзгерді, олардың арасында Ресей де бар.