АҚШ Йеменге 12-ден астам әуе соққысын жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні кешке америкалық әскери ұшақтар Йемен астанасы Сана мен әл-Джауф провинциясына 12-ден астам әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Middle East Monitor басылымына сілтеме жасап.
Ел астанасы Санадағы Ас-Сабин ауданынына қарасты әл-Хафа аймағы мен әл-Джауф провинциясындағы әл-Хазм қаласы зардап шекті. Әзірге құрбан болғандар мен қирандылар туралы мәлімет жарияланбады.
– АҚШ-тың әуе шабуылдарынан 15 наурыздан бері кем дегенде 124 бейбіт тұрғын ажал құшты. Сонымен қатар 256 адам, негізінен балалар мен әйелдер жараланды, - деп хабарлады хуситтер.
АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда хуситтерге қарсы «шешуші және күшті әскери әрекетке» бұйрық бергенін айтты. Содан кейін «оларды толығымен жоямыз» деп қорқытты.
2023 жылдың қараша айынан бастап хуситтер 18 айдан астам Израильдің әскери әрекеті 51 000 адамның өмірін қиған Газа секторындағы палестиналықтармен ынтымақтаса отырып, Қызыл және Араб теңіздері, Баб-эль-Мандеб бұғазы және Аден шығанағы арқылы өтетін кемелерге шабуыл жасап жатыр.
Израиль мен палестиналық қарсыласу Хамас тобы арасында қаңтар айында Газада атысты тоқтату келісімі жарияланғаннан кейін хуситтер шабуылдарын тоқтатты. Бірақ Израиль өткен айда Газаға әуе шабуылдарын жалғастырғаннан кейін қайта бастады.