«АҚШ жағалау күзетінің Теңіздегі апаттарды тексеру комиссиясының қауіпсіздік мәселелер жөніндегі инженерлері Солтүстік Атлант мұхитының түбінен «Титан» сынықтары мен айғақтарын анықтап, шығарды», - делінген хабарламада.
Жағалау күзеті сарапшылар портқа дәлелдемелерді «каталогтау және талдау үшін» жібергенін атап өтті. Мәлімдемеде сондай-ақ сүңгуір кеменің сынықтарынан адам сүйектеріне ұқсайтын заттар шығарылғаны делінген. Олар дәрігерлерге сараптамаға жіберілді.