АҚШ жаңа метеорологиялық спутнигінен айырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ жаңа метеорологиялық спутнигінен айырылып қалды. Аппаратпен байланыс 11 ақпанда үзілгенімен, ол туралы жақында ғана жарияланды, деп хабарлайды Space News басылымы.

«Колорадо штатындағы Әуе күштерінің базасындағы 50-ші ғарыш мекемесінің операторлары қорғаныс-метеорологиялық бағдарламының 19-шы жерсерігін қайта бақылауға алу әрекетін біржолата тоқтатты», - делінген Американың ғарыш күштерінің өкілі Энди Роуктың хабарламасында.

Lockheed Martin компаниясы әзірлеген ғарыш аппараты әскери операцияларға кедергі келтіретін тұман түсуін болжайды. Ол 2014 жылы орбитаға шығарылған, бес жыл жұмыс істеуі тиіс еді.

Елдің қорғаныс-метеорологиялық бағдарламасы бұлттар көшкінін бақылау үшін орбитада екі негізгі, екі қосымша спутникті қажет етеді. Ғарыш аппаратының істен шығуы салдарынан әскерилер он жыл бұрын ұшырылған, қазір өшіріліп тұрған 17-ші спутнигімен жұмыс істей бастады.