АҚШ және Жапония А (H1N1) тұмауына қарсы егуді бастауды алдағы күзге жоспарлап отыр

МӘСКЕУ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Жапония жыл соңына дейін А (H1N1) (доңыз тұмауы) тұмауының жаңа вирусына қарсы вакцинаны көп мөлшерде 20 млн. адамды емдеуге жеткілікті мөлшерде шығаруды жоспарлап отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.Жапонияда тұмаудың осы түрімен ауырғандардың 410 оқиғасы расталып отыр. Емделушілердің көпшілігі жазылып кетті және олардың бойынан ешқандай ауытқушылық байқалмағанымен де, жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі алаңдаушылық танытуда. Ғалымдар, жаңа вирус өзгеріске ұшырап, бұдан да жаман жұқпалы вируске айналуы мүмкін деген қауіп айтады.Дүниежүзі бойынша жаңа тұмаумен ауырғандардың 20 мың оқиғасы тіркеліп, оның 126-сы көз жұмды. Жапонияның Жұқпалы аурулар ұлттық институты вакцинаны дайындаудың рецептін шамамен маусымның 10-ында айтуы тиіс болатын. Ал, оларды шығару шілденің басында қолға алынып, алдағы қыркүйекте жаппай егу шаралары басталады деп күтілуде.Ал, АҚШ үкіметі А (H1N1) тұмауына қарсы вакцина, егер медициналық сынақ пен өндіріс дәрілерін шығару ісі қиындықсыз жүрген жағдайда 2009 жылғы қазанда дайын болады, деп мәлімдейді РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Осы вирусты жұқтырған 500 адам ауруханаға жатқызылған, АҚШ-тың 12 азаматы тұмау салдарынан қайтыс болды.