АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ теңіз жаяу әскерінің әуе базасы корпусына пайдаланып келген Жапония территориясының бір бөлігін қайтарып берді. Ол Окинаваның оңтүстік префектурасындағы жер телімі, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
Қайтарылған жердің көлемі 4 гектар.
Қазіргі уақытта Жапонияда әскери бөлімшелерді басқа жерге ауыстыру мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан орналасқан аудан тұрғындарының пікірінше, базадағы MV-22 Osprey әскери ұшақтарын жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіз деуге болмайды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.