Президент тосын қадамға барып, соттан маусым айындағы шешімін қайта қарауды сұрады, ол кезде Трамптың бастапқы шағымы қанағаттандырылмаған болатын. Сот көп жағдайда мұндай өтініштерді қанағаттандырмайды.
Трамп бүгінге дейін $5 млн-ды пайызымен қоса төлеп қойған.
Бұл іс Нью-Йоркте америкалық жазушы әйел Джин Кэрроллдың оны Трамп 1996 жылы әмбебап дүкеннің киім өлшейтін бөлмесінде зорлады деп жазған федералдық арызына байланысты қозғалған болатын. Трамп өзінің бірінші президенттік мерзімі біткеннен кейін жазушыға жала жабу туралы шағым түсіріп, оның айыптауларын «алаяқтық» және «құралған аңыз» деп атаған болатын.
2023 жылы алқабилер Трампты сексуалды сипаттағы қысым көрсетуге қатысты шағым бойынша кінәлі деп тауып, жазушы әйелге $5 млн мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттеді.
Соған қоса 2024 жылы қаңтар айында алқабилер соты жазушыға тіл тигізгені үшін Трампқа $83,3 млн мөлшерінде айыппұл салды.
Трамп қандай да бір құқықбұзушылыққа жол бергенін жоққа шығарды және Кэрролды танымайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ соттары Трамп әкімшілігінің Гарвардқа қарсы және пошта арқылы дауыс беру туралы арызын қанағаттандырмаған болатын.