Отырыс барысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Ауғанстанның тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстанның аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Қайрат Әбдірахмановтың атап өтуінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру және жол ашу, сондай-ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШ-тың Оңтүстік Азия жөніндегі Стратегиясын қолдауға Қазақстанның берік ұстанымы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.