Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447– 451 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,9 – 450,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447,5 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 449,98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,98 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 29 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,06 теңгеге қымбаттап, 449,84 теңге болған.