Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7 - 446,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 24 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444,32 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,69 -4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,68 -4,78 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 23 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 444,22 теңге болған.