АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477- 482 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477 – 482 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 478,7-481,1 теңге аралығында құбылып тұр.
5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге қымбаттап, 476, 83 теңге болған.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33 – 5, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.