Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,7– 460,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 459 – 461 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 25 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 459,69 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 22 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,30 теңгеге қымбаттап 459,50 теңге болған.