Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Фото: Ағибай Аяпбергенов / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 463,07 теңгеден сатып алынады, 470,01 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,91 теңге, сату — 544,85 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,87 теңге, сату — 6,17 теңге;
— юань 67,46 теңгеден сатып алынады, 73,51 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 466,51 теңге, сату — 470,06 теңге;
— еуро: сатып алу — 534,86 теңге, сату — 541,44 теңге;
— рубль 5,79 — 5,94 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,47 — 70,44 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 7 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,88 теңгеге арзандап, 460,37 теңге болды.