Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 461,00 теңгеден сатып алынады, 468,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 539,00 теңге, сату — 549,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,00 теңге, сату — 6,30 теңге;
— юань 66,91 теңгеден сатып алынады, 72,91 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 463,49 теңге, сату — 465,79 теңге;
— еуро: сатып алу — 542,70 теңге, сату — 547,81 теңге;
— рубль 5,94 — 6,07 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,44 — 70,18 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 4 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 464,53 теңге болды.