Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Kazinform/ИИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 452,03 теңгеден сатып алынады, 458,99 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 523,75 теңге, сату - 533,73 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,01 теңге, сату - 5,26 теңге;

- юань 68,63 теңгеден сатып алынады, 72,61 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 454,51 теңге, сату - 456,78 теңге;

- еуро: сатып алу - 527,41 теңге, сату - 531,65 теңге;

- рубль 5,10 - 5,24 теңге аралығында саудаланады.

- юань 68,30 - 70,61 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 7 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге түсіп, 454,31 теңге болды.