Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,3 - 461,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 459,5 - 462,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 456,99 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 21 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 457,20 теңге болған.