Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар: сатып алу — 543,16 теңге, сату — 545,26 теңге;
— еуро: сатып алу — 621,08 теңге, сату — 632,17 теңге;
— рубль 6,55 — 6,68 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар 539,50 теңгеден сатып алынады, 546,50 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 625,35 теңге, сату — 635,35 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,54 теңге, сату — 6,70 теңге.

Еске салайық, 29 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 542,03 теңге болды.