Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 458,90 теңгеден сатып алынады, 465,74 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 529,93 теңге, сату - 539,79 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,12 теңге, сату - 5,42 теңге;

- юань 68,68 теңгеден сатып алынады, 72,79 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 461,27 теңге, сату - 463,48 теңге;

- еуро: сатып алу - 531,72 теңге, сату - 536,95 теңге;

- рубль 5,16 - 5,31 теңге аралығында саудаланады.

- юань 68,59 - 71,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 17 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге түсіп, 461,39 теңге болды.