Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 457,03 теңгеден сатып алынады, 464,01 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 529,01 теңге, сату — 539,01 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,17 теңге, сату — 5,37 теңге;
- юань 68,46 теңгеден сатып алынады, 72,39 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу — 460,33 теңге, сату — 462,78 теңге;
- еуро: сатып алу — 532,91 теңге, сату — 538,11 теңге;
- рубль 5,16 — 5,30 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,64 — 71,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 31 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,23 теңге түсіп, 462,31 теңге болды.