Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қанша

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451– 455 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,7 – 454,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 451,5 – 455,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 16 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,37теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,15 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,03 – 5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,05 - 5,2 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 15 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, 451,37 теңге болған.