Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,82 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500,38 теңге. Еуро 542,20 — 546,56 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505,02 теңге, сатып алу құны — 499,05 теңге. Еуро 548,29 теңгеден сатылып, 541,30 теңгеден сатып алынады.
31 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы сәл қымбаттап, 504,44 теңге болған.
Еске салайық, Әділ Мұхамеджанов Қазақстан қор биржасының басшысы болып тағайындалды.