Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,1– 450,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 447,5 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446,72 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 - 4,97 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 12 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп, 446,80 теңге болған.