Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,3- 444,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 441 - 446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 443,03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 - 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,84 - 4,94 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,10 теңгеге қымбаттап, 442,96 теңге болған.