Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446– 450 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: pixabay.com

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,81 – 450,42 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 446 – 450,98 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 17 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,81 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,77 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73 – 4,82 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,67 - 4,69 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 16 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге қымбаттап, 448, 78 теңге болған.