Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477– 482 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 479,1 — 481,3 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Ал, Астанада доллар бағамы 477 — 482 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 476,27 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 41 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31 — 5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Астанада көрші ел валютасы 5,25 -5,45 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге қымбаттап, 476,83 теңге болған.