Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,7– 450,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 447 – 451 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,17 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87 – 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 - 4,97 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 14 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,71 теңгеге төмендеп, 447,21 теңге болған.