Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447– 451 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,3 - 450,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 447 - 451 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,93 - 5,03 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 31 қаңтар күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 448,17 теңге болған.