Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
09:27, 22 Мамыр 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,7- 443,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 440 - 445 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 441,80 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 - 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,79 - 4,89 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 21 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 93 теңгеге төмендеп, 441,73 теңге болған.