Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,77 — 443,55 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 439,03 — 444 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 439,43 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,74 — 4,82 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,73 — 4,83 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 6 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,15 теңгеге төмендеп, 439,43 теңге болған.