Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Коллаж: Kazinform / Freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 501,72 теңге, сату - 504,04 теңге;

- еуро: сатып алу - 599,17 теңге, сату - 603,75 теңге;

- рубль 6,50 - 6,62 теңге аралығында саудаланады.

- юань 73,29 - 75,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 501,93 теңгеден сатып алынады, 508,90 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 597,00 теңге, сату - 607,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге;

- юань 74,20 теңгеден сатып алынады, 78,46 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 503,17 теңге болды.