Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 468 – 472 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468,5– 472,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 468 – 471 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 468,05 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,03 - 5,18 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 9 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 468, 08 теңге болған.