Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470 – 475 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Кazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470– 475 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 475,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 31 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 471,87 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89 – 5,07теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,01 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік 30 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге қымбаттап, 471, 64 теңге болған.