Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460– 465 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 463,3 – 466,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 16 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,53 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,17 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,05 – 5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,1 - 5,25 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 461, 64 теңге болған.