Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: freepik

Ұлттық банктің 14 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,22 теңге. Еуро — 523,69

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,5 теңге. Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,38 теңгеге қымбаттап, 479,54 теңге болған.