Ұлттық банктің 23 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,26 теңге. Еуро — 533,50
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 478,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,7 теңге.
Еуро 531 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 476 теңге, сатып алу құны — 480 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,21 - 5,40 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,55 теңгеге қымбаттап, 479,5 теңге болған.