Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476– 481 теңгеден саудаланып жатыр. 

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,3 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Астанада доллар бағамы 476 - 481 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 48 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 47 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,37 - 5,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,3 -5,5 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,49 теңгеге төмендеп, 478,20 теңге болған.