Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471– 476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,1 - 475,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 471 – 476 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 43 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29- 5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,3 -5,45 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 23 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге төмендеп, 472, 83 теңге болған.