Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр
09:22, 17 Шілде 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473– 477 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,3 — 476,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Астанада доллар бағамы 473 — 477 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474, 62 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,39 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27 — 5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,25 -5,4 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 16 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 474,69 теңге болған.