Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471– 476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,5 - 475,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Астанада доллар бағамы 471 – 476 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 29 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 47 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,37 - 5,47теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Астанада көрші ел валютасы 5,37 -5,52 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 29 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 473, 62 теңге болған.